«Свой Дом KZ» азаматтардың тұтыну кооперативімен армандар орындалады. Кооператив оңтайлы жолмен, табыс көзін растамай-ақ… қалаған үйіңізді үстеме ақысыз қаржыландырады. Қазірдің өзінде аталмыш компания арқылы баспаналы болғандардың саны 90-нан асып отыр. Біздің түсірілім тобы қоныс тойын тойлаған тұрғынның қуанышымен бөлісіп қайтты.

Шымкенттік Меруерт Иманалиеваның қуанышында шек жоқ. Себебі, көптен бері армандаған үйін рәсімдеу кезіне жетті. Құжаттарын қолға алып, қаланың қақ ортасында орналасқан үйінің баспалдағын басты. Бастапқыда сенімсіздікпен қараған кооперативке бұл күнде алғысы шексіз. Тәуекелге бел буып, арманына қол жеткізді. «Свой Дом KZ» кооперативі қазақстандықтар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашуда. Сіз қалаған үйіңізді осы компания арқасында пайыздық үстемесіз, несие тарихынсыз ала аласыз. Керегі тек – жеке куәлік, мекен-жайыңызды растайтын анықтама мен алғашқы жарна.

«Тұтыну кооперативінің Шымкенттегі филиалы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап, қызмет көрсетеді. Бас кеңсе Орал қаласында орналасқан. Компания өкілдері Мақтарал ауданында да жұмыс істейді. Тұтынушылар кооперативінің есігі келушілерге әрдайым ашық.

Қосымша ақпаратты Шымкент қаласы, Б. Момышұлы көшесі 23/1, 2-қабат 14 кабинеттен біле аласыз.
Тел.: +7 771 893 14 20, +7 775 608 87 41
Instagram: officialsvoidomkz